“Жасотандықтардың” жақсылығы

“Жасотандықтардың” жақсылығы

“Жасотандықтардың” жақсылығы
ашық дереккөзі
371

Жасотандықтар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» республикалық акциясына белсенді қатысып жатыр.

Олар бүкіл ел бойынша жалғызбасты зейнеткерлерге үй маңындағы аумақты қардан тазартуға, үйдің ішін ретке келтіруге көмектесті.

9 мамыр және халықаралық әйелдер күні қарсаңында құттықтау акцияларын ұйымдастырды. Медицина қызметкерлеріне «Алғыс пакеттерімен» қамқорлық жасап, аз қамтылған балаларды балалар мерекесімен құттықтады.

 width=

Осы демалыс күндері де жасотандықтар үшін ерекше болды. Жазды жайма шуақ күнінде олар қоршаған ортаны қорғау мақсатымен жаппай республикалық эко- акция ұйымдастырды.

Елордадан бастау алған акция, еліміздің облыс, аудан орталықтарында да өтті. Қатысушылар көшелерді, арықтарды, қоқыс орындарын тазалауға көмектесті.

Акцияға белсенді жасотандықтар, жас көшбасшылар, «Biz Birgemiz» волонтерлар қозғалысының мүшелері қатысты. Акция барлығы 2500 астам адамды қамтыды.Қатысушылар қашықтықты және арнайы маска режимін қатаң сақтады.

Мысалы, Ақмола облыстық «Jas Otan» ЖҚ филиалы Көкшетау қаласының орталық саябағында акция ұйымдастырса, Алматы жастары қаланың ағаштарымен жасыл желектерді күтiп ұстау мен қорғауға ат салысты.

 width=

«Jas Otan» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев атап өткендей, әрбір эко-акция тәрбиелік сипатқа ие. Сонымен қатар, акция қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті дәріптеп, экологияны қорғау бойынша өзекті мәселелерін көтереді.

«Экологиялық акцияның өзінің тікелей міндетінен басқа, тағы бір маңызды функцияны орындайды.

- Ол азаматтық ұстанымы биік тұлғаларды«Бұл менің қалам. Мен оны таза және жасыл етемін атты идеясымен біріктіреді. Бұл іске жастардың көптеп келуі және қаламыздың келбетін жақсартуға өз үлестерін қосқаны мені қатты қуантады! Өйткені «30 игі іс» акциясы адамдар мен қоғам үшін арналған нақты ісшараларға,мейірім мен жақсылықты арқау еткен акцияларға негізделген»- деді Нұржан Жетпісбаев.

Өз кезегінде «Biz Birgemiz» қозғалысының волонтері Руслан Бахтияров әрбір акция қаланы көркейтуге және еріктілер қозғалысына өз үлесін қосуға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.

 width=

«Мен мұндай акцияларға бірінші рет қатысып отырған жоқпын. Мамыр айында біз Ұлы Отан соғысы батырларының құрметіне аталған саябақтарды, аулаларды және ескерткіштерді тазарттық. Бүгін біз елордамыздың шалғай аудандары мен көшелерін тазалаймыз. Аталған сәтті пайдалана отырып, жастарды табиғатқа ұқыпты қарауға шақырамын»

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы шеңберіндегі іс-шаралар әрі қарай жалғасып келесі айларда мынадай тақырыптарға арналады: шілде – «Baqyttyotbasy», тамыз – «Damý», қыркүйек – «Bіlіm», қазан – «Ómіr syıla», қараша – «Sana», желтоқсан – «Egemendіlіk».

Серіктес жаңалықтары