Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшыларын жекпе-жекке шақырды (видео)

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшыларын жекпе-жекке шақырды (видео)

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшыларын жекпе-жекке шақырды (видео)
ашық дереккөзі
50145
Жеңілмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) бұрынғы WBA Regular титулының иегері америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңгеннен кейін орта салмақтағы ең мықты боксшыларды жекпе-жекке шақырды, деп хабарлады Sports.kz. Он раундқа есептелген жекпе-жек Лас-Вегаста өтіп, қазақ боксшысы техникалық нокаутпен жеңіске жетті – сегізінші раундтан кейін Бранттың бапкерлері жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осыдан кейін Әлімханұлы чемпиондарға қарсы тұруға дайын екенін білдірді. https://youtu.be/3hmBdxa2ovQ ​"Чемпиондар, қайдасыңдар? Мен сендерді нокаутқа түсіргім келеді", - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Твиттерде. Айта кетейік, орта салмақтағы әлем чемпиондары: қазақстандық Геннадий Головкин (IBF, IBO), америкалықтар Деметриус Андраде (WBO) және Джермалл Чарло (WBC), сондай-ақ жапониялық Риота Мурата (WBA Super).

Серіктес жаңалықтары