1731
Нұр-Сұлтанда шетел азаматы ұрлық жасап ұсталды
Нұр-Сұлтанда шетел азаматы ұрлық жасап ұсталды
Нұр-Сұлтан ПД криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен Өзбекстан Республикасының 46 жастағы азаматын ұстады. Бұл туралы елорда полициясының баспасөз қызметі хабарлайды.
"Тергеу барысында күдіктінің бұрын кафеде аспаз болып жұмыс істегені және тәуліктің кез келген уақытта сол жерге кіре алатыны анықталды. Ол терминалдан 270 мың теңге алып, оны демалыс бөлмесіне тығып, жұмысына кіріскен. Таңертең кафе иесі терминалдың ашылғанын байқап, полицияға жүгінген. Байқоңыр аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ұрланған ақша тәркіленді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, ұсталған адамның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция департаменті.