Жоғарғы сот төрағасы Túrkistan-ға арнайы хат жолдады

Жоғарғы сот төрағасы Túrkistan-ға арнайы хат жолдады

Жоғарғы сот төрағасы Túrkistan-ға арнайы хат жолдады
ашық дереккөзі
1399

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Túrkistan халықаралық газетінің URKER-2021 Ұлттық сыйлығында «Жылдың үздік газеті» атануымен құттықтап арнайы хат жолдады.

Túrkistan халықаралық газетінің «Жылдың үздік газеті» аталымы бойынша URKER-2021 ұлттық сыйлығының жеңімпазы болуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл еліміздің ақпарат кеңістігінде өзіндік үні, сара жолы, журналистік үлкен мектебі бар басылым. Қоғамда қозғалып жатқан өткір мәселелердің тамырын тап басып танып, қалың оқырманды елең еткізетін өзекті тақырыптарды батыл көтеріп келесіздер. Сот жүйесінің қызметіне де ақпараттық қолдау көрсетудегі Túrkistan газеті журналистерінің еселі еңбегін мемлекетіміздің өркендеуіне қосқан сүбелі үлесі деп білеміз. Береке-бірлігімен биік белесті бағындырған газет ұжымына амандық, мықты денсаулық, шығармашылық жетістіктер тілеймін! – деп жазылған құттықтауда.
 width=

Серіктес жаңалықтары