Дархан МЫҢБАЙ. Ой қозғаған домбыра

Дархан МЫҢБАЙ. Ой қозғаған домбыра

Дархан МЫҢБАЙ. Ой қозғаған домбыра
ашық дереккөзі
50308
Жарықтық Жамбыл бабамыздың тіршіліктегі жүз жылдық ғұмыры да, мың жасайтын жауһар жыры да ұлтымыздың ғана емес, әлемнің мақтанышы. Жыр алыбы туралы сөз – 175 жылдық мерейтойына ғана арналмауы керек. Ол – адам ретінде де, Ұлы дала тұлғасы ретінде де мәдени мұрамыздың алтын көмбесі, қазақтанудың мәңгілік нысанасы. Ер қазақ ғасырлар бойы жанынан тастамаған домбыраның құдыретін ақын қалай шебер суреттеген десеңізші: "Сиясауыт, қаламсыз сөз қозғаған домбыра, Кiтап, дәптер, қаламсыз ой қозғаған домбыра”. Шүкір, домбырамызды қазір де үкілеп, қадірлейміз. Оған арнайы күн арнадық. Ақындарымыз да – төрде, ән-күйіміз де – Тәуелсіз Қазақстан аспанында асқақтап тұр. Ендеше, халықтың жаны мен рухы - домбыра бастаған ұлт музыка аспаптары дүйім жұрттың сөзін, берекелі елдің ойын қозғайтын қасиетінен жаңылмасын дейміз.

Автордың Facebook-тегі парақшасынан алынды.

Серіктес жаңалықтары