50153
Қарағанды облысында алимент төлемеген екі тұрғын сотталды
Қарағанды облысында алимент төлемеген екі тұрғын сотталды
Қарағанды облысында алимент төлемеген екі тұрғын сотталды, деп хабарлайды Әділет министрлігі.
«9 маусымда Қарағанды облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен борышкерлер И.Иванов пен П.Петров (фамилиялары өзгертілген) Қылмыстық кодекстің 139-бабына (алимент төлеудан жалтару) сәйкес кінәлі деп танылды. Үкім бойынша борышкерлердің 1 жылға бостандығы шектеліп, тағайындалған барлық мерзімге пробациялық бақылау қойылып, жаза мерзімі бойында 100 сағат мәжбүрлеп еңбекке тартылды. Үкімдер заңды күшіне енді. Борышкерлердің алимент бойынша берешек сомалары 924 733 теңге және 1 653 260 теңге», делінген хабарламада.
Сотталған борышкерлер бірнеше жыл бойы кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент бойынша өз міндеттерін орындамаған. Қарағанды облысы жеке сот орындаушылары орындауында 22 334 алимент өндіру атқарушылық іс-жүргізу тіркелген, оның ішінде, 1 851-і проблемалы. «2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында құқық қорғау органдары алимент өндірістері бойынша 76 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғап, оның жетеуі берешек соманы толық төлеуіне байланысты ақталды. Сонымен қатар, тұрақты негізде алимент өндірістері бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыру іс-шаралары өткізіліп келеді, 2021 жылдың 1-жартыжылдығында 230 борышкер жұмысқа орналастырылды.
Нәтижесінде, проблемалық алимент өндірістерінің саны 12 пайызға азайды», делінген Қарағанды облысы Әділет департаменті таратқан хабарламада.