Бурабай мен Зерендіде санитарлық бекеттер қойылады

Бурабай мен Зерендіде санитарлық бекеттер қойылады

Бурабай мен Зерендіде санитарлық бекеттер қойылады
ашық дереккөзі
514

Осы демалыс күндері Ақмола облысының курорттық аймақтарында санитарлық бекеттер қойылады. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді.

Ashyq қосымшасында көк және жасыл мәртебесі бар адамдар ғана курорттық аймақтарға өте алады. Мамандар мұндай шараны коронавирус мутацияларының таралуына байланысты қабылдады. Санитар дәрігердің айтуынша, аймақта КВИ жұқтырғандардың саны өскен. 4-6 шілде аралығында Бурабай курорттық аймағында ұзақ демалыс күндерін табиғатта өткізгісі келетін туристердің жаппай ағыны байқалды. Әкімдік мереке күндері жергілікті әкімшілік табиғи парк аумағынан 45 тонна қоқыс шығарғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары