Өз-өзіне қол салған полиция қызметкері басшылығын айыптап видео қалдырған

Өз-өзіне қол салған полиция қызметкері басшылығын айыптап видео қалдырған

Өз-өзіне қол салған полиция қызметкері басшылығын айыптап видео қалдырған
ашық дереккөзі
4749

Қайтыс болған полиция майорының туыстары Президентке үндеу жолдады. Олар Мемлекет басшысынан өз өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша тергеуді жеке бақылауына алуды сұрады.

Осыдан үш күн бұрын полиция қызметі Павлодар облысының Ақсу қаласындағы полиция бөлімінің гаражында суицид жасаған еді. Марқұмның әріптестері қайғылы оқиғаның жай-жапсарын тергеуді бастаған. Бірақ, көз жұмған жанның туыстары полиция қызметкерін суцицидке әріптестері итермелеген деп отыр. Өйткені, полиция қызметіне 20 жылдан астам ғұмырын арнаған азаматқа жыл басынан бері облыстық және қалалық деңгейдегі полиция басшылығы қысым көрсеткен көрінеді. Бұл туралы марқұм өз телефонына видео да қалдырыпты, деп хабарлайды "Еуразия" арнасы.
Қайғылы оқиға болғаннан кейін біз оның телефонын аштық. Онда біз видео таптық. Онда Аспандияр барлығынан кешірім сұрап, егер маған бірдеңе болса, бұған полиция подполковнигі Капаров Балғабайды кінәлаңдар дегенді келтірген, дейді марқұмның туысы Әсемгүл Айтқазина.
Артында үш баласы  қалған полицейдің бұл видеосы қазір тергеушілердің қолында.

Серіктес жаңалықтары