Президенттің Баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі тағайындалды

Президенттің Баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі тағайындалды

Президенттің Баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі тағайындалды
ашық дереккөзі
3304

Президент Кеңсесінің бастығы Нұрлан Онжановтың бұйрығымен Мұрат Нұрбаев Президент Баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі болып тағайындалды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды. Мұрат 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдап, 2006 жылы осы мамандықтың магистрі атанған. Ол әр жылдары «31-арна», «Қазақстан», «Астана», «7-арнада» журналист, шеф-редактор ретінде қызмет атқарған. «Қазақстан даму банкі» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы, «Алтын Қыран» компаниялар тобының баспасөз қызметінің жетекшісі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігінің баспасөз қызметінде консультант, Президенттің Баспасөз қызметінде консультант, инспектор лауазымдарында қызмет еткен.

Серіктес жаңалықтары