Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы Сайқын ауылында 400 тонна шөп өртенді, деп хабарлайды"Мой город" порталы.
Өрт 13 шілде сағат 19:00 шамасында шөп жинау кезінде тұтанып, екі мыңға жуық шөп орамы өртенді. Өрттің шығуына не себеп болғаны анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті БҚО төтенше жағдай департаментінің 8 қызметкері мен ерікті өрт сөндіру құрамасының 8 адамы сөндірді. Өрт 14 шілде таңертең толығымен сөндірілді.