Елордадағы кафе мен ресторандардың жұмыс уақыты қысқарды

Елордадағы кафе мен ресторандардың жұмыс уақыты қысқарды

Елордадағы кафе мен ресторандардың жұмыс уақыты қысқарды
ашық дереккөзі
414

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысына сәйкес, мейрамханалар, дәмханалар, кофеханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына талап күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мейрамханалар, дәмханалар, кофеханалар типіндегі (ғимараттардың ішінде және ашық ауада) қоғамдық тамақтану объектілері орналасқан жеріне қарамастан мына талаптарды сақтай отырып жұмыс істейді: Күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын шарттарды сақтаған жағдайда жұмыс күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеумен қызмет көрсетеді. Сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салынады, тамақты жеткізу және шығаруды штаттық режимде жүзеге асырады. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ға дейін жұмыс істейді, сенбі және жексенбі күндері демалады. Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде еске алуды өткізуді қоспағанда) ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады. Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін қызмет көрсетеді, ғимарат ішінде толтырылуы 50%-ға дейін болу керек, бірақ 30 орыннан аспауы тиіс.

Серіктес жаңалықтары