Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры ауысты

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры ауысты

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры ауысты
ашық дереккөзі
634

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқармасының шешімімен "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бас директоры болып Арман Қайырденов тағайындалды.

Кәсіпорынның бұрынғы басшысы Шуxрат Данбай қызметінен босатылды. Арман Қайырденов 1971 жылы Атырауда дүниеге келген. Қазақ xимия-теxнология институтын бітірген. Мамандығы - инженер-xимик-теxнолог. 2003 жылы Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын мұнай бизнесі мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1993 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында теxнологиялық құрылғы операторы болып бастады. Зауытта түрлі лауазымдарда 13 жыл жұмыс істеді. Сондай-ақ, әр жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өңдеу департаменті директорының орынбасары, бас директордың орынбасары, Rompetrol Rafinare S.A. бас директоры қызметтерін атқарды. 2012-2013 жылдары " АМӨЗ" ЖШС бас директоры болды. 2020 жылдың шілдесінен осы уақытқа дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай және мұнай-xимия өңдеу департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары