Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваға зорлық көрсеткен жездесі екені дәлелденді, деп хабарлайды КТК арнасы.
Сараптама қорытындысы бойынша Мұрат Мейірбековтің кінәлі екені анықталған. Бұл туралы марқұмның анасы айтты. Тбилиси прокуратурасы аудиожазбаға сүйеніп, Мұрат Мейірбековке сырттай «адам зорлады» деген айып таққан болатын. Екі айдан соң оның кінәсі дәлелденіп отыр. Әсел Айтпаеваны Грузияға жұмысқа орналастырған жездесі қазір «Адам саудасы» бабымен қамауда отыр. Енді сараптама нәтижесіне сүйеніп, грузиндік және қазақстандық тарап істі біріктіруі тиіс.