2067
Мемлекет басшысы халықпен бірге құрбандық шалды
Мемлекет басшысы халықпен бірге құрбандық шалды
Мемлекет басшысы халықпен бірге құрбандық шалды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды. Еліміздің мұсылмандары биыл да пандемия жағдайына байланысты құрбандықтарын ҚМДБ ұйымдастырған qurban2021.kz сайты арқылы қашықтан шалдыруда. Сүйіспеншілік пен ізгіліктің, мейірбандық пен қайырымдылықтың мейрамы тағы да құтты болсын! - деп жазылған жазба мәтінінде.