1884
"Сөйлей алар емеспін": Шөп әкелгенін көріп ағыл-тегіл жылаған Маңғыстау тұрғынының бейнежазбасы тарады
"Сөйлей алар емеспін": Шөп әкелгенін көріп ағыл-тегіл жылаған Маңғыстау тұрғынының бейнежазбасы тарады
Қуаншылықтан зардап шеккен елді мекендерге Құрмет Талапқазы есімді жігіт асарлатып шөп жеткізу шараларын ұйымдастырып жүр. Бүгінде оны қолдаушылар қатары көбейген, деп жазады Egemen.kz.
Желіде сондай сәттердің бірінен видео тарады. Бейнежазбада үйіне шөп әкелген жастарды көрген маңғыстаулық әже жылап жіберді. Қуаныштан жылаған ақжаулықты ана қысылғанда қолдау болғандарға ақ батасын беріп, алғысын жаудырды.«Рахмет, жарықтарым. Сөйлей алар емеспін. Осындай күйге түсіп қалдық... Қол ұшын созып жатқан жандарға Алла риза болсын, дендері сау болсын, отбасыларына бақыт тілеймін», деді қуаныштан көңілі босаған ана.https://www.youtube.com/watch?v=LIiM7u6cnYc