Сайлау – 2021: Елімізде тұңғыш рет әкімдерді халық сайлайды

Сайлау – 2021: Елімізде тұңғыш рет әкімдерді халық сайлайды

Сайлау – 2021: Елімізде тұңғыш рет әкімдерді халық сайлайды
ашық дереккөзі
491

Бүгін елімізде тұңғыш рет ауыл, кент, ауылдық округ және аудандық маңыздағы қала әкімдерінің сайлауы басталды. Елімізде 30 елді мекеннің әкімі тұрғындардың тікелей дауыс беруі арқылы сайланады, – деп жазды іnform.kz.

Аумақтық сайлау комиссияларының мәліметінше, 730 сайлау округінде 2582 кандидат ұсынылған. Солардың 2297-і тіркеуден өткен. Кандидаттардың басым бөлігі – өз-өзін ұсынушылар. Сайлау туралы заңнамаға енгізілген толықтырулар мен түзетулердің арқасында ауыл әкімдерінің сайлауына түскісі келетін үміткерге өз-өзін ұсыну мүмкіндігі берілген болатын. Осы мүмкіндікті бұл жолғы сайлауда 1419 адам пайдаланып отыр. Сондай-ақ 878 үміткерді Әділет министрлігінің тіркеуінде бар 6 саяси партия ұсынған. Халықтың дауыс беруі арқылы әкім болғысы келетіндердің гендерлік құрамына келсек, ер үміткерлердің саны – 1839. Сонымен бірге 458 әйел үміткер бағын сынағалы отыр. Бүгін сайлау 14 облыс бойынша 1847 сайлау учаскесінде өтеді.

Серіктес жаңалықтары