Сайлау – 2021: Бақылаушылар тарапынан арыз-шағым түскен жоқ

Сайлау – 2021: Бақылаушылар тарапынан арыз-шағым түскен жоқ

Сайлау – 2021: Бақылаушылар тарапынан арыз-шағым түскен жоқ
ашық дереккөзі
451

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Майлытоғай ауылдық округінде таңғы сағат 7:00-де ауыл әкімін сайлауға байланысты дауыс жинау басталып кетті. Мұнда бес бақылаушы бекітілген. Соның бірі – «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы атынан келген Халықбек Әлтай өңірдегі дауыс берушілердің белсенділігін айтып берді.

– Бүгін еліміздің бүкіл аймағында ауыл әкімдерін сайлау науқаны өтіп жатыр. Ауданымыздан аса маңызды саяси дода кезінде Майлытоғай ауылдық округіне де жаңа әкім сайланады. Алғаш рет өткізіліп жатқан саяси бастаманың ауыл халқы үшін маңызы ерекше. Сондықтан сайлау өтетін орында санитарлық талаптар қатаң сақталып, халықтың өздері қалаған кандидатқа дауыс беру мүмкіндігі сайлау заңына сәйкес жасалды. Майлытоғайлықтар сайлауға белсенді қатысып жатыр. Жастар да өз таңдауын жасап, учаскеге көптеп келді. Сайлау барысында ешқандай заңсыздық әрекет болмады және оған жол берілмейді. Халық әділ сайлау өтіп жатқанының куәсі ретінде ризашылықтарын жеткізді, – дейді «Nur Otan» партиясынан байқаушы Халықбек Әлтай.
Айта кетейік, Қызылорда облысы бойынша 40 ауылдық округтердегі 54 сайлау учаскескелерінде дауыс беру жүргізіліп жатыр. Облыс бойынша 304 комиссия мүшелері тартылған. Сайлау барысында бақылау жүргізу мақсатында жалпы 313 бақылаушы тартылған. Оның ішінде саяси партиялардан – 121, сенім білдірген адамдар-116, қоғамдық ұйымдардан – 74, БАҚ өкілдері – 2. Бақылаушылар тарапынан сайлау барысында талап бұзушылықтар жөнінде арыз-шағым түскен жоқ.

Нұрсұлтан АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары