Сағат 14.00-дегі ахуал бойынша ауыл әкімдерін сайлауға жергілікті тұрғындардың қатысу белсенділігі белгілі болды.
Сонымен жергілікті халықтың ауыл әкімі сайлауына Солтүстік Қазақстан облысында — 61,2%, Батыс Қазақстан облысында — 53%, Қостанай облысында — 63,7%, Ақмола облысында — 50%, Павлодар облысында — 55,3%, Атырау облысында — 50,2%, Ақтөбе облысында — 52,8%, Қарағанды облысында — 48,1%, Шығыс Қазақстан облысында — 66%, Маңғыстау облысында — 36,6%, Қызылорда облысында — 49%, Жамбыл облысында — 72,9%, Алматы облысында — 53%, Түркістан облысында — 56,1% дауыс берді.