Петропавлдағы көпбалалы отбасында он жетінші сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Sputnik.kz.
Павел мен Татьяна 2000 жылы үйленген. Павел ол кезде 22 жаста, ал Татьяна – 19 жаста болған. Татьяна тұңғышын 20 жасында дүниеге әкелген.
Үйдің үлкені Инна 20 жаста. Лена – 18 жаста. Култышевтардың бірінші ұлы – Владимир – 17 жаста, Евгений – 16 жаста. Олар қазірдің өзінде әкесінің бизнесіне көмектеседі.