411
Қостанайда зейнеткер жалған ПТР-тест үшін сотқа тартылды
Қостанайда зейнеткер жалған ПТР-тест үшін сотқа тартылды
Қостанайда зейнеткер жалған ПТР-тест үшін сотқа тартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қостанай тұрғыны санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманына covid-19-ға теріс нәтижесі бар жалған ПТР-анықтаманы ұсынған. Іс жалған құжатты пайдалану фактісі бойынша Қостанай қаласының № 2 сотында қаралды."Жаза тағайындау кезінде сот зейнеткердің кінәні мойындағанын ескерді. Қылмыстық кодекстің 41-бабының 2-бөлігіне сәйкес, 20-дан 200 АЕК-ке дейінгі шекте айыппұл түрінде жаза көзделген. ҚК - нің 55-бабы 3-бөлігінің талаптарын ескере отырып, қылмыс жасағаны үшін бұйрық тәртібімен үкім шығару кезінде айыппұл 10-нан 20 АЕК-ке дейінгі мөлшерде тағайындалады", - деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.