Сорбонна-Қазақстан институты – ел дипломатиясының елеулі жетістігі

Сорбонна-Қазақстан институты – ел дипломатиясының елеулі жетістігі

Сорбонна-Қазақстан институты – ел дипломатиясының  елеулі жетістігі
ашық дереккөзі
820

Қазақстан Республикасы ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде көптеген жетістікке қол жеткізсе, соның ең нәтижелі саласы дипломатия деуге болады. Бұл орайда әлемнің ірі мемлекеттерінің бірі Франция мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың деңгейі жоғары. Еуропада ғана емес, әлемдегі жетекші елдердің бірі саналатын Франциямен білім беру саласындағы әріптестікте қол жеткен табыстар аз емес.

Соның бір айғағы – осыдан жеті жыл бұрын Абай атындағы ҚазҰПУ-да ашыл­ған Сорбонна-Қазақстан институты. Қазір бұл институтты заң ғылымдары­ның докторы, профессор Айнұр Сәби­това басқарады. Сорбонна-Қазақстан инс­титу­тының директорымен болған сұх­батымызда еліміздің өзге мемле­кет­термен әріптестігі, еріктілік, жемқор­лыққа қарсы күрес мәселелері жайында әңгімелескен едік. Еліміздің кемел сыртқы саясатының ар­қасында білім саласында орныққан француз-қазақ әріптестігінің маңызы зор Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, дербес елге айналғаннан кейін жас мем­лекетті әлемге таныту үшін дүниежүзінің жетекші елдерімен қарым-қатынас орна­ту өте маңызды болғаны белгілі. Өйт­кені әлемнің дамыған елдерінен үйре­нері­міз көп еді. Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Қазақстанды қалып­тастыру жо­лында ең алдымен экономика мен білім саласын дамытуға зор маңыз беріп, өзге мем­лекеттермен арадағы қарым-қаты­наста осы екі бағытты үнемі назарда ұстады. 2012 жылдың 21-23 қараша аралығында Нұрсұлтан Назарбаев арнайы іссапармен Францияда болды. Елбасы жұмыс сапары аясында 2012 жылғы президент сайлауында жеңіске жеткен Франция президенті Франсуа Олландпен келіссөздер жүргізген еді. Сонда қазақ-француз қарым-қатынасында білім са­­ласындағы әріптестік жайында сөз қоз­ға­лып, сол арқылы жақсы нәтижеге қол жетті. Сөйтіп, 1257 жылы негізі қаланған Сорбонна, қазір Париж университеті деп аталатын Франциядағы ең ежелгі жоғары оқу орны мен Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны − Абай атындағы Ұлттық педагогикалық уни­вер­ситеті арасында әріптестік орнап, 2013 жыл­дың 17 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ мен Сорбонна француз университеті арасында «Сорбонна-Қазақстан институтын ашу» туралы екі оқу орны басшылары ме­моран­думға қол қойды. 2014 жылы 6 желтоқсанда Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев және Фран­ция Президенті Франсуа Олланд Қазақстанда мемлекеттік іссапары кезінде әлемдегі екін­ші, тек Орталық Азиядағы «Сорбонна-Қа­зақ­стан» институтын салтанатты түрде ашты. Ашылу салтанатында Елбасы: «Біздің елімізде білім саласы дамудың ең жоғарғы приоритеті болып табылады және Қазақстан әлемнің ең үздік стандарттарына ұмтылады. Мақса­ты­мыз – жастарымыздың өз елінде білім алып, болашаққа жарқын қарауына мүмкіндік алу. Әлемге әйгілі университеттің бізге келуі − біз­дің дұрыс жолда екенімізді көрсетеді», − деген еді. Ұлт Көшбасшысының бұл лебізі заманға сай білім алып, еліміздің дамуына зор үлес қо­сатын жастарға артқан зор сенімі еді. Қазір жастарымыз ол сенімнен шықты дей аламыз. Осылайша Қазақстан азаматтарының ел ау­мағынан шықпай-ақ еуропалық білім ала алуына жол ашылды. Қазақстан мүше болып отырған Болон (Ита­лия) Декларациясының талаптары мен прин­циптеріне толық сәйкес келетін бұл ха­лықаралық жоба елімізде теңдесі жоқ білім ор­дасына айналды. Француз елінің мақта­ны­шына айналған оқу орнымен білім сала­сын­дағы әріптестік негізінде іргетасы қаланған «Сорбонна-Қазақстан» институтының қазақ жерінде ашылуының маңызы зор. Өйткені Сорбоннамен біріккен білім ордасы әлемде екеу ғана, соның ішінде посткеңестік елдерде бізде ғана бар. Ерекше атап көрсететін нәрсе − Сорбонна-Қазақстан институты – ел жастарының еуропалық деңгейде білім алуына, халықаралық білім стандарттарына сай келетін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, бітірушілердің қос диплом бағ­дарламасы бойынша екі елдің де дипломын алып шығуына мүмкіндік беретін бірегей оқу орны. Сорбонна-Қазақстан инс­титутының құрамында «Халықаралық құ­қық», «Халық­аралық қатынастар», «Эко­но­микалық маман­дықтар» секілді үш кафедра бар. Бакалавриат және магистратура оқу дең­гейі қазақ-француз халықаралық бағ­дарламаларымен жүргізіледі. Оқудың жетпіс пайызын француз тілінде француз маман­дары оқытады. Олар­дың бәрі тәжірибелі про­фессорлар, ғылым докторлары. Ал өзіміз­ден Қайрат Исағалиев секілді француз тілін жетік білетін, бай тәжіри­беге ие мамандар сабақ береді. Франция – білім саясатына ерекше қа­рай­­тын ел, мәселен біздің елде білім беру ісін Білім және ғылым министрлігі басқарса, фран­цуз елінде Сыртқы істер министрлігі ай­налысады. Институтымыз жайында айтқанда, әрине оның Абай атындағы ҚазҰПУ базасында ашыл­ғаны жадымыздан шықпауы керек. Фран­цуздың ең көне оқу ордасы мен Қа­зақ­стандағы ең алғашқы жоғарғы оқу орны ара­сындағы әріптестік негізінде Сорбонна-Қа­зақстан институтының ашылуы жайдан жай емес, француздар үшін Сорбонна (Париж университеті) қандай қадірлі болса, қазақ үшін де Қазақ ұлттық педагогикалық инс­ти­туты да сондай қадірлі. Сондықтан Елба­сы­ның қазақ-француз біріккен жоғары оқу ор­нын басқа емес, ұлы ақынымыздың атын­дағы ҚазҰПУ-дың жанынан ашылуының сим­воликалық мәні бар. ҚазҰПУ-ды қашанда елімізге белгілі тұлғалар басқарып келген. Биылғы маусым айынан бастап «Абай атын­дағы ҚазҰПУ» КЕАҚ Басқарма төрағасы-рек­торы болып Дархан Біләлов тағайын­дал­ды. АҚШ-тың Солтүстік-Батыс университеті және Пенсильвания мемлекеттік универ­си­те­тінде жұмыс істеген және Назарбаев уни­вер­ситетінде әкімшілік қызметтерде болған, са­бақ берген білікті жаңа басшы іргелі оқу ор­дасын одан әрі дамытып, көркейтуге күш са­лары сөзсіз.                                 ЕРІКТІЛІК − МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚОЛДАҒАН ШАРА Қоғамды дамытуға барлық саланың қа­тысы бар десек те, ақысыз жұмыс істеп, мем­лекет, қоғам дамуы үшін қызмет ететін адам­дар тобының орны бөлек. Оларды ерік­тілер дейміз. Елімізде EXPO секілді халық­ара­лық маңызы бар шаралар өткенде зор көме­гін тигізген еріктілер барлық қажет жағдайда алдымен көмектесуге ұмтылып және оны ақы­сыз-пұлсыз атқарды. Мұны Қазақ­стан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жо­ғары бағалап келеді. 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялаған Мемлекет басшысы «Ол халқымыздың өмір салтына айналуы керек. Оны тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жә­не болашақ сипаты ретінде дәріптеуіміз қа­жет. Еріктілердің бойындағы қайрат, жігер әр азаматты ынталандыруы тиіс. Еліміздегі әр ауыл-аймақ осы маңызды жұмыстан тыс қал­майтынына сенемін. Бұл − ең алдымен өр­кениетті елдің және зор жауапкершіліктің бел­гісі», − деген еді. Рас, қоғамда өзгелердің жәрдеміне мұқ­таж адам көп. Оларға еліміздің еріктілері әрдайым жәрдемдесуге дайын. Дегенмен өт­кен жылды «Еріктілер жылы» деп жарияла­ған Қазақстан Президентінің әріден ойлайтын сұңғыла ойы таңғаларлық деуге болады. Ұзамай коронавирус пандемиясы басталып кеткенде еріктілердің мүмкіндігі шектеулі, жалғыз тұратын адамдарға қаншалық көмегі тигенін көрдік. Еліміздің түкпір-түкпірінде еріктілер ауырған, қараусыз қалған, сондай-ақ жұмысы тоқтап азық-түлік тапшылығынан қиналған отандастарымызға көмек қолын созды. Бір еріктілер үйінен шыға алмай қал­ған қарт кісілерге дәрі-дәрмек жеткізіп берсе, тағы бір еріктілер ауруханаға барып, қатты ауы­рып, өкпесіне дем жетпей жатқандарға оттегі баллондарын жеткізіп беруге көмек­тесті. ҚазҰПУ жанынан құрылған «Ізгілік ел­шісі» еріктілер жобасы бар. Олардың мүше­лері арнайы сайтта көмекті қажет ететін жан­дар үшін бос уақыты мен қолынан келе­тін қызмет түрі жайлы мәлімет қалдырып оты­рады. Пандемия кезінде «Ізгілік елшісі» мүшелері қарттарға, қимыл-қозғалысы қиын жандар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға күтім жасау, көңілін аулау, қажет заттарын әкеліп беру секілді көмек көрсетті. Бұл сол кезде өте қажет іс еді. Сондай-ақ біздің ерік­тілеріміз пандемия кезінде қолдан жа­саған кейбір қиындықтарды ашуға да кө­мектесті. Мәселен, маған еріктілер тобындағы студенттерім орталық дәріханада парацета­мол, аспирин секілді дәрілердің тым қымбат сатылып жатқанын айтып келді. Сосын мен ол жерге барып «Мұны істеп отырған кім?» деп, қолдан қиындық жасап отырған дәріха­на басшысын тауып сөйлескім келгенде олар мені кіргізбей қойды. Сосын мен журналистер мен Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қызметкерлерін шақырдым. Солайша біз қоғамның назарын аударғаннан кейін әлгі кемшілік жойылып, дәрі бағалары қалпына келді. Жасыратыны жоқ, пандемия кезінде түрлі келеңсіздіктер болды ғой, тіпті кейбір жерлерде гуманитарлық көмекпен келген дәрі-дәрмектерді, маскаларды халыққа сат­қан жағдайлар болды. Сондай жағдайлардың алдын алу үшін біздің еріктілер гуманитарлық кө­мектер түсіріліп жатқанда әуежайға барып, шетелден келіп жатқан дәрілер мен медицина құралдары салынған қораптардың сыртына «тегін» деген мөр басып жүрді, кейін дәрі­-дәрмектерді, маскаларды халыққа сатып берген жағдайлар болды. Сондай жағдайлардың алдын алу үшін біздің еріктілер гуманитарлық көмектер түсіріліп жатқанда әуежайға барып, шетелден келіп жатқан дәрілер мен медицина құралдары салынған коробкалардың сыртына «тегін» деген мөр басып жүрді, кейін дәріханаларда сатылып жүрмеуі үшін. Тағы бірде Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы қоймаларда дәрілердің дәріханаларға таратылмай тұрғаны жайында айтып, сол жердің тұрғындары бізге хабарласты. Сосын жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарласып, солар арқылы дәрі-дәрмектердің тиісті жеріне жетуіне қозғау салдық. Міне, осылардың бәрін қиын кезеңде − короновирустың өршіп тұрған кезінде, ауру жұқтырып алу қаупі жоғары кезде атқардық. Әрине, оңай емес, бірақ елдің қиналып жатқан шағында халқымызға көмек беру біз үшін міндет деп түсіндік.  width= Әрине, бізден басқа еріктілер тобы көп. Олардың бәрі адамдардың арасында ізгіліктің бар екенін, оның ең жақсы қасиет екенін көрсетіп жүр. Мемлекет басшысы Еріктілер жылының жабылу рәсімінде «Еріктілер жылы жалынды жастарымыздың бойындағы ең асыл қасиеттерді дәріптеген ерекше жылға айналды. Бұл жанашырлыққа, жауапкершілік пен қамқорлыққа үндеген кезең болды. Біз мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, түрлі қиындықтармен бірге күрестік. Осылайша, адамгершілік құндылықтарды жоғары бағалайтын қоғам екенімізді таныттық. Әлемді жайлаған індет қайырым мен мейірімнің қаншалықты маңызды екенін анық көрсетті», − деп еліміздегі еріктілік қозғалысын жоғары бағалады.

ОТБАСЫНДА, ОҚУ ОРНЫНДА АЛҒАН ТӘРБИЕ − АДАМНЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

Адамның қандай адам болуы оның тәрбиесіне байланысты деген сөз бар ғой, оның шындығына ешкім таласпайды. Бірақ соны бәріміз дер кезінде түсініп жете бермеуіміз мүмкін. Жалпы адам баласы не нәрсені де өз басынан өткізбей, өз өмірінде сынап көрмей терең сезіне алмайды ғой. Мен өзім де анамның айтқан ақылдарының мәнін, үйреткен істерінің маңызын есейе келе біліп, түсінедім. Анам менің жай білімді ғана болуымды емес, шын мәнінде өз ұлтын сүйетін азамат етіп тәрбиелеуге барын салды. Соның арқасында барлық кезде − мектепте оқушы, институтта студент болған кезімде белсенді болдым. Мен музыка мектебін оқып бітіргем, фортепиано ойнай білемін. Бірақ мен 9-сыныпта оқып жүргенде Шығыс Қазақстанда тұратын туысының баласын шақырып алып, маған домбыра үйреткізді. Ол кісі бірнеше ай біздің үйде тұрып маған домбыра үйретті. ҚазҰПУ-ға түсіп, 1-курста оқып жүрген кезде осы оқу ордасының ректоры Тоқмұхамед Садықов ағай ағылшын тілін жақсы білетін оншақты студентті жинап, АҚШ елшісімен кездесуге апаратын болды. Олардың қатарында мен де болдым. Мұны естіген мамам кездесу күні домбыраңды алып бар деді. Домбыраның қабын да өз қолымен тігіп берген. Сөйтіп домбыраны алып шықтым, бірақ құрбымның үйіне тастап кеткім келді. Барсам есігі жабық, үйінде адам жоқ. Сонымен домбырамды көтеріп кездесуге келдім. Бірақ домбыраның дәлізге, қабырғаға сүйеп кеттім. Мұны көрген курстастарым «сен домбырамен келдің бе?» деп мені келемеждеді. Елші біздермен сөйлесіп отырып, бұл жерде қазақша не ағылшынша сөйлеңіздер, басқа тілдің қажеті жоқ деді. Әңгімелескен соң елшімен бірге отырып ас іштік. Сонда елші кім бәрімізден өзіміз туралы айтымызды сұрады. Сосын қазақ тілінде кім өлең айтып, ұлттық аспапта ойнай алады деп сұрады. Сол кезде ректорымыз «Айнұр, домбыраңды қолыңа  ал, шерт» деді. Мен дәлізде қалдырған домбырамды әкеліп, шертіп бердім. Сосын елші курстасым, мақұм Серік Құлмұхамедов (кейін Ситибанктың басқарма төрағасы болды) екеумізге келіп «АҚШ-та білім алуды қалайсыздар ма?» деді. Сөйтіп қасиетті домбыра өзге елде білім алуыма себепші болды. Кейін үйге келгенде анам менің домбыраны дәлізге қалдырғанымды біліп, «Қасиетті домбыраны ешқашан жерше қоюға болмайды, оны әрдайым төрге іліп қояды» деп түсіндірді. Содан бері біздің үйде домбыра жоғарыда ілулі тұрады.  width= Жалпы қызық... Осы күндегі қызметім де домбыраны еске түсіреді. 51-орта мектепте 10-сыныпта оқып жүрген кезімде мектебімізде француз елшілігінің қызметкерлерімен кездесу болатын болып, соған домбыра шерте білетінімнің арқасында мен де қатыстым. Анам маған ұлттық көйлек пен камзол, сәукеле тігіп берді. Кездесуде домбыра тарттым. Француздық азаматтармен суретке түстік. Олар кейін маған хат жазды, екі рет іші толы конфет посылка салып жіберді. Кейін ол да уақыт өтке келе естен шыға бастады. Мен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде оқыдым. Біраз жылдар өткенде Сорбонна-Қазақстан институтының директоры болдым. Бірақ ол кезде мені болашақта Франциямен бірдеңе байланыстырады деп ойламадым ғой. Бірақ себепсіз ештеңе жоқ екен. Кейін француздармен түскен фотом табылғанда білдім, менің екі жағымда тұрған екі азамат Францияның сол кездегі президенті Миттеранның кеңесшілері екен. Қазір бірі экономика министрі, екіншісі бір саяси партияның көшбасшысы екен. Осылардың бәрін саралай келгенде ұққаным, менің барлық жетістігімнің бастауында анамның берген тәрбиесі тұр екен. Мен қазір өзім де екі қыздың анасымын. Анамнан алған тәрбиемді қыздарыма беріп жүрмін. Бүгінде елімізде жастардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Олардың бәрі де еліміздің ертеңі саналады. Сондықтан жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беріп, отаншыл азаматтарды қалыптастыру ешқашан маңызын жоймақ емес. Әңгімені жазып алған Ахмет ӨМІРЗАҚ

Серіктес жаңалықтары