50198
Павлодарда үш бала мен анасының жұмбақ өліміне қатысты мәлімет шықты
Павлодарда үш бала мен анасының жұмбақ өліміне қатысты мәлімет шықты
Павлодарда үш бала мен анасының жұмбақ өліміне қатысты қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 35-бабының 1-бөлігі 11-тармағының негізінде тоқтатылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
- Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Іс бойынша жиналған дәлелдемелерді ескере отырып, бұл қылмысты жас балалардың анасының өзі жасағандығы анықталды, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінде. Еске сала кетейік, былтыр күзде Павлодарда пәтерден үш бала мен анасының денесі табылған. 9 қараша күні сағат 12:00-де полицияға ер адамнан Айманов көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан үйдегі пәтерден төрт адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы пәтер иесі үйге оралғаннан кейін есікті аша алмағанын анықтады, өйткені есік ішкі жағынан жабылған. Көршілерден құралды алып, есікті ашқан. Пәтерге кірген кезде бөлмелердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар жұбайының және үш баланың (2013, 2015 және 2017 жылдары туған) денесін көрген. Ерлі-зайыптылар бірге тұрған, балалары ортақ некеден туған. Пәтердегі тәртіп бұзылмаған. Полицияны жолдасы шақырған.