Елімізде бір жыл ішінде күнбағыс майы 60 пайызға қымбаттаған

Елімізде бір жыл ішінде күнбағыс майы 60 пайызға қымбаттаған

Елімізде бір жыл ішінде күнбағыс майы 60 пайызға қымбаттаған
ашық дереккөзі
476

Елімізде бір жыл ішінде күнбағыс майы 60 пайызға қымбаттаған. Сонымен қатар, тазартылған күнбағыс майын өндіру 37%-ға, тазартылмаған күнбағыс майын өндіру 6%-ға өсті, деп хабарлайды energyprom.kz.

2021 жылғы қаңтар–маусымда елімізде 93,3 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 5,9%-ға артық. Ал азартылған май өндірісі бір жылда бірден 37,4%-ға, 76,9 мың тоннаға дейін өскен. Хабар24 ақпараты бойынша, елімізде төрт кәсіпорынның екеуі тоқтап тұр. Оларға ішкі нарықтың 17%-дан астамы тиесілі. Биылға дейін ел нарығындағы импорттық күнбағыс майының үлесі орта есеппен 50% болды. 2021 жылғы маусымда елімізде күнбағыс майы (1 л.) 713 теңгеден сатылды. Жылдық динамикада күнбағыс майының бағасы бірден 60,4% - ға өскен.  

Серіктес жаңалықтары