3569
Бақыт Сәрсекбаев Олимпиадаға басқа боксшы баруы керек болғанын мойындады
Бақыт Сәрсекбаев Олимпиадаға басқа боксшы баруы керек болғанын мойындады
Бокстан Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Токио Олимпиадасына ерлер арасында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде басқа боксшы баруы керек екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Егер Аманқұлдың жарақаты болса, онда оның орнына Тұрсынбай Құлахмет баруы керек еді. Лицензия алуға арналған іріктеу жарыстарына да Құлахметті апару қажет еді. Одан бірдеме шығар еді, ол жараланбаған болатын. Неліктен жарақат алған адамды Олимпиадаға апарған? Тек қыдырып қайту үшін бе? Біз білдік қой, оның жарақаты ауыр екенін, өлсе де жүлде ала алмайтынын. Демек, біз өз принциптерімізді мемлекеттік принциптерден жоғары қоятын болып тұрмыз? Ал, ондайда не айтарымды да білмеймін, - деп сөзін түйіндеді спортшы.https://youtu.be/aOn60cYYgIw