Мектеп формасын тігетін кәсіпкерлер Аймағамбетовтің шешіміне наразылық білдірді

Мектеп формасын тігетін кәсіпкерлер Аймағамбетовтің шешіміне наразылық білдірді

Мектеп формасын тігетін кәсіпкерлер Аймағамбетовтің шешіміне наразылық білдірді
ашық дереккөзі
507

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында мектеп формасына талап қойылмайтынын мәлімдеген еді. Алайда кәсіпкерлер министрдің осы бір шешіміне үзілді-кесілді қарсы, деп хабарлайды КТК арнасы.

Мектеп формасын шығаратын кәсіпкерлер министрдің шешімімен келіспей отыр. Себебі олар жарты жыл бұрын дайындық жұмыстарына кіріскен. Ал министр мырза формаға қатысты жаңалықты енді ғана жариялады. Кәсіпкерлер болса, қажетті материалды сатып алып, форма үлгілерін де жасап қойған.
"Былтыр ол жеңіл өнеркәсіптің бір бөлігін жойып жіберді. Биыл қалғанын құртуға шешім қабылдапты. Келесі жылы не болатынын ешкім білмейді. Біз 20-шы жылдан әрең дегенде шықтық. Ал келесі жылы ол формамен не істейміз? Бұның барлығы – миллиондаған шығын. Биыл біз және басқа әріптестеріміз қалдықтарды сатса, келесі жылы жаңа маталарды сатып алу қажет. Бірақ қандай мата аламыз? Кімге? Не үшін? Министр тағы бес минут қалғанда ештеңе керек емес деп айтып жүрмей ме?", - дейді кәсіпкер Сергей Сокирко.

Серіктес жаңалықтары