7 792 адамнан коронавирус анықталды: ауруханалардың жартысынан көбінде орын жоқ

7 792 адамнан коронавирус анықталды: ауруханалардың жартысынан көбінде орын жоқ

7 792 адамнан коронавирус анықталды: ауруханалардың жартысынан көбінде орын жоқ
ашық дереккөзі
345

Өткен тәулікте 7 792 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралыcoronavirus2020.kz хабарлады.

Ал қазір еліміздегі емханалардың жартысынан көбінде бос орын жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Медицина ғылымдарының магистрі, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек басқармасының басшысы Айма Сағындыкова елдегі инфекциялық төсектердің жүктелімі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «4 тамыздағы жағдай бойынша елімізде 52 803 инфекциялық төсек орны ашылды. Республика бойынша төсектердің жүктелімі 56%-ға жеткен. Шілде айымен салыстырғанда, тамызда қосылған медициналық ұйымдардың саны 326-дан 339-ға дейін, төсек саны 10 мыңға артты. Инфекциялық стационарлардағы реанимациялық төсек саны – 4 795, жүктелім – 46%. Инфекциялық төсектердің ең жүктелімі Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында, Қызылорда және Қостанай облыстарында, реанимациялық төсектердің жүктелімі Нұр-Сұлтан қаласында, Маңғыстау және Атырау облыстарында байқалады», - деді Айма Сағындықова орталық коммуникаиялар қызметінде.

Серіктес жаңалықтары