669
Алакөлдегі оқыс оқиға: Бір адам қаза тапты
Алакөлдегі оқыс оқиға: Бір адам қаза тапты
Алакөлде гидроциклдегі әйел адам үрленетін матрасқа соқтығысып, бір адам қаза тапты, 11 жастағы қыз ауруханаға түсті, деп хабарлайды Altaynews.
"Түркістан облысының 27 жастағы тұрғыны гидроциклмен үрленетін матрасқа соқтығысып, салдарынан Семейдің 40 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды, ал оның 11 жастағы қызы ауруханаға жатқызылды", - деп жазылған хабарламада.Үржар аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 344-бабының 2-бөлігі (адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан қозғалыс қауіпсіздігі немесе теңіз немесе өзен көлігін пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.