Түркістан облысында деструктивті діни ағым өкілі есірткі сатқаны және оқ сақтағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Заттай айғақ ретінде есірткі салынған түйіншек тәркіленді.
Сондай-ақ, ұсталған азаматтың үйінен 760 грамм есірткі, 20-дан астам оқ табылды, - деп хабарлады ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз брифингте.
Қазір аталған факт бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі "есірткі, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.