Еркін күрестен Олимпиаданың қола жүлдесін иеленген Нұрислам Санаевқа су жаңа BMW сыйға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұрислам Санаев 1991 жылы Чаданда (Тыва, Ресей) дүниеге келген. Оның шын аты - Артас Санаа. 2014 жылдан бастап Қазақстан құрамасында өнер көрсете бастады. Ал Рио-де-Жанейро Олимпиадасында өнер көрсетер алдында аты-жөнін қазақшаға ауыстырып, Нұрислам Санаев атанған.
Еске сала кетейік, Санаев Олимпиадада 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. Қола үшін күресте ол болгарлық Георги Вангеловті 5:1 есебімен жеңді.