Еліміздің бес қаласында жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды, деп хабарлайды 24.kz.
Жалған құжат жасаушылар Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Павлодар және Тараз қалаларында анықталған.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, құжат 5 мыңнан 30 мың теңгеге дейінгі бағаға сатылған. Сатып алған 37 адам анықталды.
Сотқа дейінгі тергеу басталды. Басқа күдіктілерді анықтау бойынша жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.