1891
Оқушыларға 40 мың теңгеден беріледі: Әкімдік көмекті кімдер алатынын нақтылады
Оқушыларға 40 мың теңгеден беріледі: Әкімдік көмекті кімдер алатынын нақтылады
Нұр-Сұлтанда жалпыға бірдей міндетті орта білім беру бағдарламасы аясында оқушыларға материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды sputnik.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Материалдық көмектің сомасы – 40 мың теңге. Былтыр оны 13 245 оқушы алған. Ал биыл 15 мыңға жуық оқушыны қамту жоспарланыпты. Көмек төмендегі санат бойынша беріледі:- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
- жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз, сол сияқты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар;
- жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасыларда тұратын балалар;
- төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар;
- білім беру ұйымының алқалы органы белгілейтін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары;
"Мысалы былтыр бағдарламаға 16 компания және 27 сауда орны қатысса, биыл 18 компания және 30 сауда орнында тауар сатып алуға мүмкіндік бар. Ал әлеуметтік бірліктердің қозғалысын алушылар, әлеуметтік педагогтер, кәсіпкерлер және бағдарлама әкімшілері жеке кабинет арқылы қадағалайды", - дейді мамандар.Өтініш беру үшін ата-аналар баласы оқитын мектепке жүгінуге тиіс. Мектептің алқалы органы өтінішті 15 күннің ішінде қарайды. Бағдарлама 31 қазанда аяқталады.