"Қазақстанға Ауғанстанның 70 000 азаматы келеді" - СІМ ақпаратты жоққа шығарды

"Қазақстанға Ауғанстанның 70 000 азаматы келеді" - СІМ ақпаратты жоққа шығарды

"Қазақстанға Ауғанстанның 70 000 азаматы келеді" - СІМ ақпаратты жоққа шығарды
ашық дереккөзі
3513

WhatsApp мессенджерінде елімізге Ауғанстанның 70 000 азаматы келеді деген жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Stopfake.kz.

500 адам ұшақпен Шымкент әуежайына қонғаны, алдағы күндері тағы 1500 адам келетіні, босқындардың барлығы Шымкент пен Түркістан облысына орналастырылатыны туралы ақпаратты Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарды.
– Тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! деп жазылған хабарламада.
 

Серіктес жаңалықтары