Белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан қайтыс болды.
Қайғылы хабар facebook желісінде тарады.
Амангелді Муатқанұлы Сейітханов 1969 жылы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген. 1991-1994 жылдары «Спорт» газетінде жұмыс істеді. 1994 жылы «Қазақстан ТРК-ның» «Тұғыр» бағдарламасының авторы және жүргізушісі, спорт бөлімі бас редакторының орынбасары болды. "Құмсағат" бағдарламасының спорт акпараттар продюсері. 1997 жылы "Хабар" агенттігінде жұмыс істеді. Футболдан "Франция-98" Азия ойындары (1999, Банкгок, Бусан, Оңтүстік Кореядан чемпионатынан, Сиднейдегі (2000), Солт-Лейк-Ситидегі (2002) Олимпиада ойындарынан хабар жүргізді.