50195
COVID-19: Жүктіліктің 22-30 аптасы өте қауіпті кезең
COVID-19: Жүктіліктің 22-30 аптасы өте қауіпті кезең
Коронавирус жүкті әйелдер арасында көптеп шығып жатыр. Ауру жұқтырғандарда өкпенің қабынуы, іш өту сынды белгілер байқалады. Республика көлеміндегі жалғыз Павлодардың облыстық акушерлік-гинекологиялық корпусында коронавирус расталған 42 әйел емделіп жатыр.
"Хабар 24"-тің хабарлауынша, жаңа туған үш нәрестеге ковид диагнозы қойылды. Өткен жылмен салыстырғанда бөлімшеге түскендер саны үш есе өскен. Бастапқыда ауру жеңіл түрде өтіп, кейін науқастың жағдайы ауырлай береді. Үш әйел жансақтау бөліміне жатқызылған. Жағдайы ауыр бір науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Дәрігерлер оның жағдайы жақсарып келе жатқанын айтады.
"Жүктіліктің 22-30 аптасы өте қауіпті кезең. Сондықтан мен аяғы ауыр әйелдердің өздеріне, жақындарына ескертемін. Осы мерзімде сақтық шараларын арттырулары керек. Ешқайда бармай, той-жиындарды шектеп, алыс жолға шығуды қоя тұрған абзал. Аяғы ауыр әйелдің өміріне жеңіл-желпі қарауға болмайды" дейді Акушерлік-гинекологиялық корпусы жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі Орал Жөкебаев.