50279
Сүйіктісінің адам өлтіргенін жасырған қыз істі болды
Сүйіктісінің адам өлтіргенін жасырған қыз істі болды
Павлодар облысында жігітінің адам өлтіргенін жасырған қыз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы Успен ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері 30 жастағы ауыл тұрғынына қатысты істі тергеуде.
– Маусым айының соңында Успен ауданының Қозыкеткен ауылында 22 жастағы жергілікті тұрғын жанжалдан кейін танысына пышақ жарақатын салған, соның салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған. Ауыл тұрғыны қылмыстың куәгері болды, бірақ полицияға болған оқиға туралы хабарлаудың орнына, қыз алдымен заттай дәлелдемелерден арылуға тырысты – ол қылмыс құралын – пышақты жуып, жасырды, сонымен бірге марқұмның заттарын жуды. Осыдан кейін тұрғындар оқиға орнынан кетіп, бақшаға тығылды. Олар жазадан жасырыну үшін ауданнан кетуді жоспарлады, бірақ жоспарды жүзеге асыра алмады. Бірнеше сағаттан кейін полиция ұстады, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Қылмыс жасаған күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ал осы қылмысты жасырған оның сүйіктісіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 432-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.