508
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулы жариялады.
Қаулыға сәйкес:- Нысандарға Ashyq жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын;
- Өңірлердің, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын;
- "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) жобаға қатысушылардың арасында заңбұзушылықтардың алдын алуды жүргізуді қамтамасыз етсін;
- демалыс күндері – Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес ныснадары жұмысына – сағат 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларының жұмысына – қызметкерлер мен келушілерде "жасыл мәртебе" болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) сағат 02.00-ге дейін;
- сенбі күндері – қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат етілсін.