Президент Джо Байденге көңіл айтты

Президент Джо Байденге көңіл айтты

Президент Джо Байденге көңіл айтты
ашық дереккөзі
912

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Джо Байденге Кабул әуежайындағы террорлық шабуыл кезінде әскери қызметшілердің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Қазақстан халқының атынан Президент Байденге және Америка халқына шын жүректен көңіл айтамын. Америка Құрама Штаттары тарихтағы ең қиын эвакуациялық әуе операцияларының бірін лайықты түрде аяқтайды деген сенімдемін. Қазақстан терроризмге қарсы күресте барлық негізгі халықаралық серіктестермен күш-жігерді біріктіруге бұрынғысынша ниетті, - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.
Естеріңізге сала кетейік, 26 тамызда Кабул әуежайында террорлық шабуыл болды. Соңғы мәліметтер бойынша, 110 адам қайтыс болды. Олардың қатарында американың әскери қызметкерлері, сондай-ақ Ауғанстан азаматтары бар.

Серіктес жаңалықтары