Еліміздің кей аймағында үсік жүреді

Еліміздің кей аймағында үсік жүреді

Еліміздің кей аймағында үсік жүреді
ашық дереккөзі
582

Еліміздің кей аймағында ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Нұр-Сұлтанда 31 тамыз-2 қыркүйек аралығында 2 градусқа дейін үсік жүреді. Елорда тұрғындары бұл туралы СМС-хабарлама алды. Одан бөлек еліміздің бірқатар өңірінде де тура осындай ауа-райы болады.
"2-3 қыркүйекте түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында 2 градус үсік жүреді. 2 қыркүйекке қараған түні Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында және шығысында 2 градус үсік жүреді. 2 қыркүйекке қараған түні Ақмола облысының солтүстігінде, батысында және шығысында 2 градус үсік жүреді. 2 қыркүйекке қараған түні Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында 2 градус үсік жүреді. 2-3 қыркүйекте, түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында 2 градус үсік жүреді", - деп толықтырды синоптиктер.

Серіктес жаңалықтары