3982
"Бетімдегі әйенектерді өзім алдым": Жамбылдағы жарылыс кезінде дәмханада болған әйел оқиға туралы айтты
"Бетімдегі әйенектерді өзім алдым": Жамбылдағы жарылыс кезінде дәмханада болған әйел оқиға туралы айтты
Жамбылдағы жарылыс кезінде дәмханада болған әйел оқиға туралы айтты, деп хабарлайды aibat.kz.
Тараз қаласының 39 жастағы тұрғыны Байзақ ауданында жарылыс болған сәтте әріптесімен бірге дәмханаға кешкі ас ішуге келгенін айтты.Көлікпен келе жатқанда қара түтінді көрдім, ол кезде шөп өртеніп жатыр деп ойладым, мұнда әскери қойма бар екенін де білмеппін. Тамаққа тапсырыс бергенбіз, бір кезде жарылыстың даусы естілді. Орнымнан тұрып, терезеге жақындай бергенімде жарылыс екпіні ұшырып әкетті. Бұлай болады деп ойламадым. Қатты есеңгіреп қалдым. Ауруханаға бармадық. Қаладағы дәріханаға бардық. Бетімдегі әйнектерді өзім алдым, біреуі табаныма да кіріп кетіпті. Он шақты әйнек болды-ау деймін. Үйге келіп, жарақтыма дәрі жақтым. Не істерімді білмедім. Сол күні ұйықтай алмай, ертесі жұмыстан қалдым. Менің жақын туыстарым сол күні не болғанын да естімеді”, – дейді ол.