Бас санитар Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды

Бас санитар Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды

Бас санитар Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды
ашық дереккөзі
8201

Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды.

Құжатта 6 қыркүйектен бастап вакцина алмаған қызметкерлерін штаттық жұмысқа жібермеуге міндеттелеген нысандардың тізімі өзгеретіні айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасына енгізілмеген ұйымдардың/объектілердің COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлері үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеу туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі өңірлік жедел штабтар қабылдайды», - деп жазылған құжат мәтінінде. Қаулыдағы «1 тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген» нысандардың санаты мынадай: - базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер; - музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары; - қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар; - әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері; - білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтары (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттар және басқа да мектептен тыс ұйымдар; - санаторийлер, демалыс үйлері/ базалары/ аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар; - қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілерд, стрит-фудтар; - қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары; - денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде зертханалар; - дәріхана ұйымдары; - сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу ұйымдары, авариялық-құтқару қызметтері, пәтер иелері кооперативтері және мүлік иелерінің бірлестіктері; - экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар; - компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар; - байланыс және телекоммуникация объектілері. Сондай-ақ, құжатта вакцинацияланбаған жұмыскерлерін ПТР-тестілеуден өткізуге міндетті нысандардың санаты берілген. Олар: халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер. Құжат 6 қыркүйек күні сағат 0.00-ден бастап күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары