554
"Негізгі мақсат – Париж Олимпиадасында 3-4 алтын алу": Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері жоспарын айтты
"Негізгі мақсат – Париж Олимпиадасында 3-4 алтын алу": Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері жоспарын айтты
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері жаңа қызметке тағайындалысымен, алдағы жоспарын бөлісті.
Бұл туралы vesti.kz жазды."Бұйырса алдымызда 26 қазан мен 5 қараша күндері әлем чемпионаты өтеді. Оның алдында Ақтауда халықаралық турнир болады. Дегенмен, биыл Токио ойындарына барған жігіттер қатыспайды. Бізде резерв бар. Жастардың бабын бақылаймыз. Негізгі мақсат – 2024 жылы Париж Олимпиадасында жалпыкомандалық есепте бірінші орын алу. Мүмкін болып жатса 3-4 алтын алу. Сол үшін қазірден бастап аянбай тер төгетін боламыз", - дейді Қайрат Сәтжанов.