Әйгілі француз қорғаушысы Жан-Пьер Адамс 74 жасында қайтыс болды.
Ол "Ним", "Ницца", "Пари Сен-Жермен" клубтарында сондай-ақ Франция құрамасында ойнаған.
Футболшы дәрігердің салғырттығынан өмірінің соңына дейін, 39 жыл комада жатты. 1982 жылы ол тізесіне ота жасату үшін ауруханаға барған. Дәрігер 8 отаны қатар жасап жатып, футболшыға қате екпе салып жіберген. Содан бастап ол екі дүниенің арасында қалғандай болған. Тіпті уақыт та тоқтап қалған сияқты: бетіне әжім түспеген, шашы да ағармаған.