643
Елімізде 250-ге жуық сынып карантинге жіберілді
Елімізде 250-ге жуық сынып карантинге жіберілді
Елімізде 250-ге жуық сынып карантинге жіберілді, деп хабарлайды sputnik.kz.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметованың айтуынша, қазір ел бойынша 250-ге жуық сынып карантинге жіберілген."Білім беру мекемелерінде коронавирус жұқтырудың 426 жағдайы тіркелген. Барлығы жер-жерде, бөлек болған. Бір сыныптан ары кетсе 5 оқушыдан ғана вирус анықталды. 356 сыныпта бір-бір жағдайдан ғана табылды. 62 сыныпта екі оқушыдан шықса, 11 сыныпта үш-үштен анықталды. Жалпы республика бойынша 241 сынып карантинге жіберілді", - деді Ахметова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.Карантинге жіберілген сыныптар 14 күннен кейін қайтадан офлайн форматқа ауыстырылады. Бірақ оған дейін барлығы ПТР-тест тапсыруы шарт.