273
Сенат есеп комитетінің мүшесін қызметінен босатты
Сенат есеп комитетінің мүшесін қызметінен босатты
Сенаттың жалпы отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Сенат тағайындаған мүшесі Талғат Жақан қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Ольга Перепечинаның айтуынша, комитет Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрайымының Есеп комитетінің Сенат тағайындаған мүшесі Талғат Амангелдіұлы Жақанның басқа жұмысқа ауысуы туралы өзі берген өтінішіне байланысты өкілеттігін тоқтату және лауазымынан босату туралы ұсынысын қарап шықты. Т. Жақан Есеп комитетінің мүшесі болып 2016 жылы 16 қыркүйекте Сенаттың қаулысымен тағайындалды.«Есеп комитетіндегі қызметі кезінде ол өзін жауапты әрі білікті басшы ретінде көрсетті. Оның жетекшілігімен ұлттық холдингтер мен компаниялардың, Ұлттық қордың тиімділігінің аудиті жүргізілді. 31 тамызда Талған Амангелдіұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босату туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың атына өтінім берді», - деді О. Перепечина. Талқылау барысында палата депутаттары аталған ұсынымға қолдау білдірді.