Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша Серікбай Трұмов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Серікбай Трұмов Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарған болатын. Кейін Маңғыстау облысының әкімі болып Нұрлан Ноғаев тағайындалды.