523
Ақтөбе облысында 48 мектепте сыныптар карантинге жабылды
Ақтөбе облысында 48 мектепте сыныптар карантинге жабылды
Ақтөбе облысында 75 бала коронавирус жұқтырып, олар білім алатын мектептегі сыныптар карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбе облысындағы эпиджағдай әлі де тұрақсыз. Бір тәулікте өңірде 300 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның 238-і вирустың симптомды түріне шалдыққан.«Қазіргі кезде мыңнан астам адам инфекциялық ауруханаларда жатыр. Оның 100-і жансақтау бөлімінде. Инфекциялық кереует жүктемесі 55, ал реанимациядағы жүктеме 45 процентті құрап отыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева.Айта кетейік, жыл басынан бері 489 адам вирус жұқтырып көз жұмды. Оның төртеуі жүкті келіншек.
«Барлығы 75 оқушы коронавирус инфекциясына шалдыққан. Олар білім алған 48 мектепте сыныптар карантинге жіберілді. Оның 34-і Ақтөбе қаласында, өзгесі аудандарда. Жалпы бүгінге дейін тіркелген 29999 науқастың 0,8% вирусты сырттан жұқтырып әкелінгені белгілі болды. Сонымен бірге 12,3% науқастармен байланыста болған, ал 86,8% жергілікті жағдай. Қазір 10 мыңнан астам адам үй карантинінде», - деді Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.