3142
"Он шақты үйді күл қылған": Ақмола облысында "үй өртегіш" әйел тұрғындардың тынышын кетірді
"Он шақты үйді күл қылған": Ақмола облысында "үй өртегіш" әйел тұрғындардың тынышын кетірді
Ақмола облысы Акқөл қаласында "үй өртегіш" әйел тұрғындардың тынышын кетірді. Сол ауылда тұратын келіншек біреумен ренжісіп қалса, бірден сол адамның үйін өртеп жібереді екен. Ол осы уақытқа дейін он шақты үйді күлге айналдырыпты.
Бұл туралы «Еуразия» арнасы хабарлайды.- Ол бұрышта тығылып тұрды. Бізді көргеннен кейін қашты. Сосын көрші жігіт ұстап алды. Полицияға звондадым. Өрт сөндірушілер де жетті. Полиция түк айтпай, машинаға салып алды да кетіп қалды. Не протокол осмотра, не отпечаки пальцев, түк-түк істеген жоқ, дейді Күлсара Қабыкенова есімді тұрғын.Тұрғындардың сөзінше «үй өртегіш» әйел сөзге келіп қалғандарды аямайтын көрінеді. Ал Андрей есімді азаматтың баспанасына бір емес, үш рет от қойған.
Бірінші рет кіреберіске от қойды. Бірақ өзі өрт сөндірушілерді шақырды. Екінші рет талпынғанда менің көршілерім қуып жіберіпті. Ал үшінші рет осы қаңтарда үйді өртеп жіберді. Үйімнің сау-тамтығы қалған жоқ. Полицейлер 400 мың теңге өтейтінін айтқан. Бірақ хабар жоқ, дейді Андрей Коплин.Жергілікті полиция департаменті тергеу жұмыстарының әлі аяқталмағанын жеткізді. Сезіктіні психо-неврологиялық диспансерге жіберген.
Аталған қылмыс бойынша полицияның сезіктеніп отырған тұлғасы 52 жастағы әйел адам. Осы Ақкөл қаласының тұрғыны. 8 қыркүйектен бастап, мәжбүрлі түрде психо-неврологиялық диспансерде емдеуге жіберілді. Мен қазір ол кісіні кінәлі деп айта алмаймын. Қазір сотқа дейінгі тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті былтыр да бүтін бір үйді өртегенін толық мойындаған. Алайда сот үкімі 3 жылға шартты түрде ғана бас бостандығынан айырыпты. Бәрі заң аясында шешілді, деді жауаптылар. Жапа шеккен тұрғынға көмек ретінде біздің тараптан 150 мың теңге беріледі. Қазіргі таңда шығын мөлшерін есептеу жұмыстары жүргізілуде. Үйдің толық жөндеу жұмыстарының шығынын өтеу үшін бюджеттен арнайы ақша бөлінбейді. Демеушілердің көмегіне жүгінеміз, дейді Ақкөл қаласының әкімі Анатолий Хрип.