Асхат Аймағамбетов «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

Асхат Аймағамбетов «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

Асхат Аймағамбетов «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады
ашық дереккөзі
394

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство басшысына бейнебайланыс арқылы тікелей эфирде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, сонымен бірге Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары жүгінді. Сұрақтардың басым бөлігі балабақшалар мен мектептерге қатысты болды. Оның ішінде, білім беру ұйымдарында ақша жинау және лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану мәселелері. Екі өтініш бойынша келіп түскен ақпарат негізінде тексеру жүргізетін комиссиялар құрылды. Асхат Аймағамбетов барлық сауалға толық жауап берді. Қосымша уақытты қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынып, Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Серіктес жаңалықтары