Америкалық дизайнер киіз үйді брендке айналдырмақ

Америкалық дизайнер киіз үйді брендке айналдырмақ

Америкалық дизайнер киіз үйді брендке айналдырмақ
ашық дереккөзі
726

Киіз үй енді америкалық сауда маркасында да қолданыла бастады. Танымал дизайнер Salehe Bembury New Balance-пен коллабарация жасап, YURT атты коллекция жасап шықты. Тіпті аяқ киім қораптарының сыртына киіз үй мен жайлауды бейнелеп, безендіріпті.

Бұл туралы @salehebembury инстаграм парақшасында жазылған. Salehe Bembury соңғы уақытта тек табиғаттан шабыт алып жүргенін де айтыпты. Жаңа коллекцияға қазірдің өзінде қызығушылық білдірушілер көп екен. Ал посттың астында «YURT деген не?» деп сұрап жатқан америкалықтар көп. Salehe Bembury көптеген танымал спорттық аяқ киім брендтерімен коллабарация жасайтын дизайнер. Мәселен, Crocs, Versace, Cole Haan сынды сән үйлерімен жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары