Тараз тұрғыны күміс тиынға толы көне құмыра тауып алды

Тараз тұрғыны күміс тиынға толы көне құмыра тауып алды

Тараз тұрғыны күміс тиынға толы көне құмыра тауып алды
ашық дереккөзі
2170

Тараз тұрғыны күміс тиынға толы көне құмыра тауып алды. Бұл туралы «Еуразия» арнасы хабарлады.

Жұмыстан қайтып келе жатқанда Рафаэль Искандеровтің көлігі бұзылған. Жол жиегіне тоқтап, көлік жөндеуге қажет темір іздеп жүргенде көзіне жылтыраған металл түсіпті. Анықтап қарап, табылған зат қыш ыдысқа салынған тиындар екенін аңғарған. Қазып алып, үйіне алып келіпті. Тұрғын табылған жәдігерді музейге өткізген. Мамандар табылған тиындар 10-шы ғасырдың орта тұсына тиесілі деп болжап отыр. Бұлай топшылауға көне ақшалардағы арабша жазулар мен белгілер түрткі болыпты. Алдағы уақытта ғалымдар көмбені толықтай зерттеп, триахын нақты айтамыз деп отыр.
"Алғашында ешкімге айтпай сатып жіберу туралы ұсыныстар түсті. Бірақ, ондай қадамға баруға арым жібермеді. Менің ойымша мұндай құнды заттар сатылмауы керек. Кейінгі ұрпаққа тарихты тану үшін керек болады деп есептеймін", - дейді Рафаэль Искандеров.
https://youtu.be/CcNTX8B2PGw?t=1186

Серіктес жаңалықтары